×

«Алтын Орда» базарын басып алды»: полиция ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Қазіргі уақытта тергеу барысында келісімшарттар мен өзге де құжаттар тексеріліп жатыр

 Халық үні 24.06.2023 | 21:30
фото: inform.kz

Алматы облысының полициясы желіде тараған «Алтын Орда» базарын басып алу туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 21 маусым күні әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында белгісіз бір топ адамның базар аумағын қорғау бойынша өз құқықтарын заңсыз жүзеге асырғанын анықтады. Бұл дерек Қарасай аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 389-бабы 3-бөлігі (Өзінше билік ету) бойынша тіркелген.

«Анықталғандай күзет агенттігінің «Алтын Орда» базары аумағында күзет қызметін ұсыну бойынша келісімшарты болған. Қазіргі уақытта тергеу барысында келісімшарттар мен өзге де құжаттар тексеріліп жатыр. Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді. Өзге ақпарат ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды»,- деп хабарлады ведостводан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама