×

Атыраудағы орталық алаңда 60 жастағы жұмысшы көз жұмды

Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, тексеру жүргізді

 Халық үні 04.06.2023 | 19:54
фото: polisia.kz

 Атырау қаласындағы орталық алаңда 60 жастағы жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. 

Оқиға бүгін, 4 маусымда жергілікті уақытпен сағат 11:38 шамасында Атырау қаласында болған.

«Бүгін Атырау қаласының орталығында 1963 жылғы ер адам қайтыс болған. Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, тексеру жүргізді. Марқұмның денесінде жарақат жоқ.

Алдын ала болжамға сәйкес, ер адам денсаулығына байланысты қаза тапқан. Марқұм сол маңға жақын орналасқан құрылыс алаңында жұмыс істегені анықталды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама