×

Қарағанды облысында ер адам есірткі таратып жатқан жерінен ұсталды (ВИДЕО)

Күдіктіден 54 орам ұнтақ тәрізді зат тәркіленді

 Дастан Жұмабекұлы 30.05.2023 | 15:10
фото: polisia.kz

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Абай аудандық полиция бөліміне басқарманың патрульдік полиция взводының инспекторы хабарласып, 35 жастағы қала тұрғынын есірткі таратып жатқан жерінен ұстағанын айтқан. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберіліп, полицейлер күдіктінің есірткі сақтағанын анықтаған.

Тәртіп сақшылары күдіктіден 35 орам ұнтақ тәрізді зат тәркіледі. Күдікті есірткіні жасырып, сатумен айналысатынын айтып, бұған дейін 16 орамды Абай қаласындағы белгіленген жерлерге жасырғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Одан кейін полиция қызметкерлері ұсталған адамның тұрғылықты жерінен тағы 19 орам ұнтақ тәрізді зат тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 30,808 грамм психотропты есірткі екендігі белгілі болды. Осыған байланысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-тармағына («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама