×

Life is good, Hermes қаржы пирамидаларын ұйымдастырған әйел ұсталды

Олар тұрғындардан 120 млн теңге жинаған

 Дәурен Ерболат 23.05.2023 | 09:48
Фото: Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысында Life is good, Hermes қаржы пирамидаларын ұйымдастырған күдікті ұсталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Аталған қаржы пирамидалары қарапайым қазақстандықтардан (жеке тұлғалар) 24%-дан 54%-ға дейін пайда табасыз деп ақша жинаған. Істі агенттіктің БҚО бойынша департаменті тергеп жатыр.

Life is good, Hermes қаржы пирамидаларына 120 млн теңге жиналған. Бүгінде қаржылық пирамиданы ұйымдастырды деген күдікпен әйел ұсталды. Ол сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Сіз және жақындарыңыз қаржы пирамидасынан зардап шексе, ҚМА саll-орталығына хабарласа аласыз.

Кеше агенттік қаржы пирамидаларының тізімін жариялаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама