×

Жанболат Мамайдың жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне түсті

Ауруханада жатқан Жанболат Мамайдың жағдайы бүгін күрт нашарлап, оны жансақтау бөліміне ауыстырып жатыр

 Халық үні 20.05.2023 | 20:50
Фото: Instagram

Қоғам белсендісі, тіркелмеген Демократиялық партия жетекшісі Жанболат Мамай жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы оның жұбайы, журналист Инга Иманбай хабарлады.

«Денсаулық сақтау министрлігі мен Адам құқығы жөніндегі Омбудсмен назарына. Ауруханада жатқан Жанболат Мамайдың жағдайы бүгін күрт нашарлап, оны жансақтау бөліміне ауыстырып жатыр. Бүгін оның денесін қызыл бөрткен басып кетіп, ештеңе көмектеспей жатыр», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Еске сала кетсек, өткен жылы 25 ақпанда Жанболат Мамай қаңтар оқиғасын еске алған азалы митингке қатысқаны үшін 15 күнге қамалған болатын. Ал сол жылдың 3 қарашасында сот оның бұлтартпау туралы шарасын өзгертіп, тергеу изоляторынан үйқамаққа жіберген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама