×

Жанболат Мамай екі айға қамауға алынды

Қоғам белсендісіне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр

 Халық үні 16.03.2022 | 13:57
Жанболат Мамай, фото: ашық дереккөзден

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі қоғам белсендісі Жанболат Мамайға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы 2-бөлігі және ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлады.

Тергеушінің сұрауы бойынша сот Жанболат Мамайды екі ай мерзімге қамауға алуды санкциялады.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу объективтілік, толықтық және жан-жақтылық қағидаттарына қатаң сәйкестікте жүргізілмек.

Айта кетейік, 25 ақпанда Жанболат Мамай қаңтар оқиғасын еске алған азалы митингіге қатысқаны үшін 15 күнге қамалды. Ол 12 наурызда әкімшілік қамаудан босап шығуға тиіс болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама