×

Павлодарда бір ай бұрын жоғалған ер адамның мәйіті табылды

Ол 8 сәуірде үйніен шығып қайта оралмаған

 Халық үні 08.05.2023 | 07:28
AFP 2023 / SANJAY KANOJIA

Павлодарда бір ай бұрын үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

Vita еріктілерінің мәліметінше, ол Мичурино ауылында 8 сәуірде Гурьев көшесінен орналасқан үйінен шығып кеткен.

«Өкінішке қарай, Надим Рүстемханов өлі табылды. Отбасы мен туған туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз», - деді еріктілер.

Ал 25 сәуір күні Екібастұз қаласында жоғалып кеткен 1987 жылы туған Александр Пазников аман-есен табылды. Ол да үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама