×

Cолтүстікте әскерге шақырылғандардың Ресейге қашып кеткені рас па? - Прокуратура түсінік берді

Олардың арасында студенттер де бар

 Дәурен Ерболат 18.04.2023 | 17:06
Фото: Twitter

Әскерден қашқан жастарды Қорғаныс министрлігі анықтайтын болады. Бұл туралы Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау мәселесі талқыланды.

Отырыста сенатор Сергей Ершов СҚО-да жастардың әскерге бармас үшін Ресейге қашып кеткені туралы айтты.

БАҚ-та әскерге шақырылғандар Отан алдындағы борышын өтемес үшін Солтүстік Қазақстаннан Ресейге қашып жатқаны туралы ақпарат жарияланды. Мысалы, бүгінде көрші елдің аумағында көктемгі әскерге шақырылуға тиіс 250 адам бар. Бұл мәлімет шындыққа жанаса ма? Оларға қандай шара қолданылады? - деп сұрады депутат Бас әскери прокуратура өкілінен.

Мақсат Қазиев бұл ақпараттың рас екенін атап өтті.

Иә, бұқаралық ақпарат құралдарында осындай мәліметтің жарияланғаны рас. Прокуратура (мәселені, – автор) Қорғаныс министрлігіне бағыттады. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, осы 200-ден аса адамның 120-сы – Ресейде білім алатын студенттер. Сондықтан олардың әскерге баруы шегерілді, ал басқаларына Қазақстанда әскерге барудан жалтарғандығы туралы айып тағылады. Олар әйтеуір бір күні (елімізге) келеді, миграциялық заңнама бар. Қаңда олар Қазақстанда әскери қызметін өтесін деген міндет жоқ, - деді Мақсат Қазиев.

Айта кетейік, бұған дейін депутат сарбаздарға несие бермеу керектігін ұсынған еді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама