×

Тағы бір боксшымыз қарсыласын 1-раундта техникалық нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Оның қарсыласы Хеберт Рондон мансабында 4-рет ұтылды

 Еркеғали Болатұлы 16.04.2023 | 10:45
фото: m.sports.ru

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жекпе-жегін өткізді.

АҚШ-тың Калифорния штаты, Помона қаласында өткен бокс кешінде ол венесуэлалық Хеберт Рондонмен жұдырықтасты.

Суперорта салмақтағы жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған болатын. Алайда Бек Нұрмағанбет бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, ол кәсіпқой рингтегі 9-жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ал оның қарсыласы Хеберт Рондон мансабында 4-рет ұтылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандық Әбілхан Аманқұлдың кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегі жылдам нокаутпен аяқталғанын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама