×

Әбілхан Аманқұл қарсыласын 2-раундта нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

Ол кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізіп отыр

 Еркеғали Болатұлы 16.04.2023 | 10:20
фото: Instagram/Suleimen Promotions

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегін өткізді.

АҚШ-тың Калифорния штаты, Помона қаласында өткен бокс кешінде ол Мексика өкілі Даниэль Эчеверриамен жұдырықтасты. Екінші орта салмақтағы жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған болатын. Алайда Әбілхан Аманқұл қарсыласын 2-раундта нокаутқа жіберді.

Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ал Даниэль Эчеверриа мансабында 12 рет жеңілді.

Айта кетейік, Әбілхан Аманқұл 1997 жылы 14 шілдеде Жамбыл облысында дүниеге келген. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сонымен қатар боксшы Азия біріншілігінде 3-орын алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама