×

Депутат жаңаөзендік жұмысшылардың мәселесі бойынша Энергетика министріне шүйлікті

Оның пікірінше, ведомство басшысы барлық салаға жауап береді

 Дәурен Ерболат 12.04.2023 | 15:46
Фото: ОКҚ

Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке қатаң сөгіс жариялау керектігін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өкінішке қарай, премьер-министрдің қалай ойлайтынына баға бере алмаймын. Алайда (Энергетика министріне – автор) ескерту, қатаң сөгіс беру керек. Себебі министр біздің түсінігімізде тек саладағы жай маман емес, ол бүкіл саланың өкілі және қорғаушысы: қарапайым қызметкерден бастап, кәсіпорындарға дейін. Энергетика министрінің ұстанымы мен үшін түсініксіз болды.

Оның позициясы әлсіз болған шығар. Мен (министрдің) неге осылай істегенін білмеймін. Оған кеңесшілері осындай кеңес берген болуы мүмкін немесе оның жеке шешімі болуы ықтимал. Мен оның орнында басқаша әрекет істер едім», - деді Respublica фракциясының жетекшісі Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Еске сала кетсек, жұмыссыз қалған жаңаөзендік мұнайшылар көмек сұрап, Астанаға келген еді. Алайда Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев олармен кездеспеген. Сондай-ақ кейбір мұнайшылар жауапқа тартылған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама