×

Түркияда жер сілкінісінен толық қираған қаланың мэрі қамауға алынды

Түркияда жер сілкінісінен толық қираған Нұрдағы қаласының мэрі Оккеш Кавак қамауға алынды

 Халық үні 26.02.2023 | 08:24
Фото: Sozcu

Түркияда жер сілкінісінен толық қираған Нұрдағы қаласының мэрі Оккеш Кавак қамауға алынды, деп хабарлады Sozcu.

Бұдан бұрын Газиантеп провинциясында орналасқан бұл қала толық сүріліп, қайтадан салынатыны хабарланған болатын.Нұрдағы қаласында үйіндіге айналған ондаған үйді қала кеңесінің мүшесі, жақында Мерсинде қолға түскен Юнус Кайдың компаниясы тұрғызған.

Белгілі болғандай, Юнус Кай Оккеш Кавак қала мәрі болғанға дейін басқарған құрылыс компаниясымен бірлескен жобаларды жүргізген. Кейін Оккеш Кавак компаниясын ағасына басқаруға берген.  Қала мэрі қомпаниясы бірлесіп салған ғимараттардың құрылысына тексеру жүргізбеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама