×

Түркияда жер сілкінісінен кейін қирап қалған бүтін бір қала сүріледі

Бүгін провинцияның губернаторы Осман Билгин осындай шешім қабылданғанын мәлімдеді

 Халық үні 13.02.2023 | 22:28
Фото: iStock

Түркияның Газиантеп провинциясындағы Нұрдағы қаласы толығымен сүріледі, деп хабарлады Haber Global телеарнасы.

Бүгін провинцияның губернаторы Осман Билгин осындай шешім қабылданғанын мәлімдеді.

Жер сілкінісінен қатты зардап шеккен Газиантептің Нұрдағы қаласы 100 пайыз сүріліп, қайтадан салынады.

Бүгін зілзаладан кейінгі сегізінші күн. Қазір мұнда үйінді мен қоқысты жинастыру және іздеу-құтқару жұмысы жүріп жатыр.

«Біздің бүкіл жедел топтар бірге жұмыс істеп жатыр. Әрқайсысы өз үлесін аянбай қосып келеді. Нұрдағы қаласындағы соңғы 8 пәтерде жұмыс жалғасып жатыр. Біз көп адамнан айырылып қалдық. Дегенмен бұл апатқа да шамамыз келгенше қарсы тұрамыз», –  деді губернатор.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама