×

Атырауда басқарма басшысы пара алғаны үшін ұсталды

Күдікті өз кінәсін толық мойындады

 Дәурен Ерболат 16.02.2023 | 17:27
Фото: Halyq Uni

Атырауда ТЖМ-ге қарасты өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің директоры пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушы Ерұлан Серікқалиев айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, күдікті қамауға алынбаған.

Қазір пара алғаны үшін ұсталған Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің басшысына Қылмыстық кодекстің 366-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл қылмыстық істің мән-жайы туралы ақпарат кейін беріледі, - деді Ерұлан Серікқалиев.

Айта кетейік, бұған дейін жемқорлық дерегімен Атырау облысы әкімінің 2 орынбасары сотталған еді. Облыс әкімінің орынбасары 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ облыс әкімінің тағы бір бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова 7 жылға сотталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама