×

Премьердің сыны: Роман Скляр жалаң есеппен қалай күресетінін айтты

Қазақстандағы электр желілерінің де жағдайы тексеріледі

 Дәурен Ерболат 20.12.2022 | 14:06
Фото: exk.kz

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр премьер-министр Әлихан Смайыловтың сынынан кейін жалаң есеппен қалай күресетінін айтты.

Біз нақты жоспарды әзірлеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл туралы энергетика министрі айтты. Біріншіден, 2023 жылы бірінші тоқсанда жылу электр орталықтарына жүргізілген аудитті аяқтаймыз. Екіншіден, электр желілеріне аудит жүргіземіз. Мұндай жұмысты индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі де жүргізеді, - деді вице-премьер Үкіметтің баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ Роман Скляр тариф бағасының бірден көтерілуіне жол бермеу керегін атап өтті.

«Жүйелерді (жылу беру және электр желілері) қалыпқа келтіру қажет. Мысалы, Екібастұзда жылу желілерінің 66%-ы тозған. Тіпті, 35-40 жыл бойы жылу құбыры айырбасталмаған учаскелер бар. Мұндай жағдайға жол бермеу керек. Сондықтан алдағы уақытта шұғыл шаралар қабылдау қажет», - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда электр желілерінің басым бөлігі тозғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама