×

ЖЭО-дағы апаттар: Үкімет басшысы жалған мәлімет берген әкімдерді кінәлады

Премьер шенеуніктерді баспасөз бен әлеуметтік желілердегі шағымдарға назар аударуға шақырды

 Дәурен Ерболат 20.12.2022 | 11:07
фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов еліміздегі жылу электр орталықтарында болған апаттарға жалғап ақпарат берген әкімдерді кінәлады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Біз қыркүйекте бұл мәселеге қатысты Үкімет отырысын өткізгенбіз. Сол кезде әкімдіктер жылу беру маусымына дайын екенін айтты. Әкімдер ешқандай проблема жоқ деп баяндады. Алайда жалаң есеп пен ақпараттың соңы тарихта болмаған сорақы жағдайға алып келді. Екі айда 2 бірдей ірі апат болды: Риддер мен Екібастұзда. Сонымен бірге Өскемен, Рудный, Теміртау және Ақтау, Семей, Павлодар қалаларындағы жылу беру жүйелерінде қауіпті жағдайлар болды. Жылу беру жүйелері мен инженерлік желілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жағдайды қатаң бақылауда ұстап, шұғыл шаралар қабылдау қажет. Оларды кейінге шегеруге болмайды, - деді премьер Үкімет отырысында.

Премьердің айтуынша, тексеру нәтижесінде өңірлердегі жағдай өте күрделі екені анықталған.

«Өңірлердегі нақты жағдай бұған дейін берілген ақпараттан нашар болып шықты. Проблемаларды жасырып келді. Бөлінген қаржы жеткіліксіз болғандықтан жаңғырту мен сапалы жөндеу жүргізілмеген. Стансалар мен желі иелері жеткілікті инвестиция салмаған. Қараусыз жатқан желілердің мәселесі де шешімін тапқан жоқ. Апаттар бұған дейін де болып тұрды. Бірақ олар саны жағынан да, ауқымы жағынан да мұндай болған емес. Баспасөз бен әлеуметтік желілердегі шағымдарға қараңыздар. Барлық өңірде мыңдаған шағым бар. Бұл бір күннің проблемасы емес. Жылдар бойы қордаланып келді», - деді Әлихан Смайылов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама