×

Хорватия футболдан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Әлем чемпионатының қола үшін матчында Хорватия - Марокко кездесуі 2:1 есебімен аяқталды.

 Халық үні 17.12.2022 | 22:55
Фото: tengrinews.kz

Катардағы футболдан әлем чемпионатында үшінші орын үшін матч өтті, деп хабарлады prosports.kz.

Қола жүлде үшін ойында Хорватия мен Марокко құрамалары кездесті. Есепті 7-минутта хорваттықтар ашқанымен арада екі минут өткенде марокколықтар таразы басын теңестіріп кетті.

Бірінші таймның соңында Оршич гол соғып, Хорватияға жеңіс сыйлады.

Әлем чемпионатының қола жүлде үшін матчында Хорватия - Марокко кездесуі 2:1 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, бұған дейін Аргентина мен Франция арасындағы футболдан әлем чемпионатының финалын қашан және қайдан көруге болатынын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама