×

Президент жарлығымен бірнеше басшы тағайындалды

Айбек Дәдебаев Президенттің іс басқарушысы болды

 Дәурен Ерболат 28.11.2022 | 10:50
Фото: akorda.kz

Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметі мен агенттік басшылары тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының жарлығымен:

  • Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымына;
  • Сәкен Сайынұлы Исабеков Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына;
  • Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Президенттің іс басқарушысы лауазымына;
  • Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымына;
  • Әсет Арманұлы Ерғалиев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына;
  • Марат Талғатұлы Омаров Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетін Ермек Сағымбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін Олжас Бектенов басқаратын болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама