×

ҰҚК төрағасы тағайындалды

Президент сәйкесінше Жарлыққа қол қойды

 Динара Амантай 28.11.2022 | 10:25
Фото: kazpravda.kz

Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Ермек Сағымбаев Қазақ политехникалық институтын (1989 ж.) және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (2007 ж.) бітірген.

1994-2006 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдағы қызметтерді атқарды;

2006-2019 жылдары ҚР Президенті Күзет қызметінің офицерлік және басшылық лауазымдарында қызмет атқарды;

2019-2021 жылдары Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы;

2021-2022 жылддары Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін атқарушы, бастығы;

2022 жылғы қаңтардан бастап ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

Сондай-ақ ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған. ҚР МҚК Құрметті қызметкері.

2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры атағы берілді.

2022 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдер тиісті басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін орындайтынын хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама