×

Олжас Бектенов – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы

Ол ұзақ жылдар бойы жоғары лауазымды қызмет атқарған 

 Дәурен Ерболат 28.11.2022 | 10:24
Фото: kyzmet.gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін Олжас Бектенов атқарады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалды, - деп жазылған Жарлықта.

Айта кетейік, Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туған.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2001 ж.) үздік бітірген, мамандығы бойынша заңгер.

2002-2005 жылдары Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы;

2005-2006 жылдары Премьер-министр кеңсесі заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы;

2006-2009 жылдары Президент әкімшілігінде жұмыс істеді;

2009-2012 жылдары Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары;

2012-2014 жылдары Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент басшысы;

2015-2016 жылдары Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, Президент әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі;

2016-2017 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы;

2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары;

2018-2019 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары;

2019 жылғы маусымнан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды;

2022 жылғы 25 ақпаннан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы;

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған (2014 жылы).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама