×

Президентті ұлықтау рәсімі басталды

Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жетінші инаугурация

 Дәурен Ерболат 26.11.2022 | 10:50
Фото: akorda.kz

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті ретінде ұлықтау рәсімі басталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Рәсім кезінде жаңа сайланған президентке мемлекет басшысының куәлігі тапсырылды. Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев ант берді.

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандығына кепілдік беруге, Қазақстан президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адалға атқаруға салтанатты түрде ант етемін деді, – деді мемлекет басшысы.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, инаугурацияға шетелдік елшілер қатысады.

Айта кетейік, ОСК қорытындысына сәйкес 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 81,31% дауысын жинап, айқын жеңіске жеткен еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама