×

Президентті ұлықтау рәсіміне кімдер шақырылады?

Инаугурацияға елшілер шақырылады

 Дастан Жұмабекұлы 23.11.2022 | 15:32
фото: ашық дереккөз

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко президентті ұлықтау рәсіміне шетел өкілі ретінде кімдердің шақырылатынын айтты.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 26 қарашада Қазақстан халқына ант беретіні хабарланған еді.

Вице-министрдің айтуынша, инаугурацияға қабылдаушы елде тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдері, яғни елшілер шақырылады. Дәл осындай тәртіп 2019 жылы өткен инаугурацияда болған.

Президентті ұлықтауға бюджеттен қосымша қаражат бөлініп отырған жоқ. Бұл туралы жақында Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтқан еді.

«Өздеріңіз білетіндей, ұлықтау – президенттің ресми түрде Конституциялық заң бойынша лауазымға өтуіне байланысты ант беруі. Оған көп қаражат кетеді деп ойлаймын. Сондықтан, оған біздің тарапымыздан көп қаражат бөлінбейді», –  деген еді сол кезде Е. Жамаубаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Көкшетауда жұрттың есепшотынан жәрдемақы мен зейнетақылар ұрланып жатыр

Алаяқтардың арнайы есепшоттың құпия дерегін қайдан алғаны белгісіз
03.12.2022 | 10:38

Денсаулық сақтау министрлігі электронды темекі саудасына толық тыйым салмақ

Сарапшылар оған тосқауыл қоюдың басқа жолын табу қажет деп отыр
03.12.2022 | 09:50

Заманбек Нұрқаділовтің бұрын-сонды еш жерде жарияланбаған видеосы шықты

Бұл видео «Хабар» агенттігінің архивиінде сақталған
03.12.2022 | 07:34

Қарағанды ​​облысында автобус күтіп тұрған оқушының беті үсіп қалған

Абай аудандық білім бөлімі оқиғаны растады
03.12.2022 | 06:30