×

ОСК президент сайлауының ақырғы қорытындысын жариялады

Тоқаев Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды

 Халық үні 22.11.2022 | 13:45
Фото: Instagram/Tokayev_online

Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, 2022 жылдың 20 қарашасында өткен сайлаудың қорытындысы төмендегідей:

Қарақат Әбден – 2,6% (206 206 адам дауыс берген);

Нұрлан Әуесбаев – 2,22% (176 116 адам);

Жигули Дайрабаев – 3,42% (271 641 адам);

Мейрам Қажыкен – 2,53% (200 907 адам);

Қасым-Жомарт Тоқаев – 81,31% (6 456 392 адам);

Салтанат Тұрсынбекова – 2,12% (168 731 адам);

Бәріне қарсымын – 5,8% (460 484 адам).

«Осылайша 21 қарашада жарияланған сайлаудың алдын ала қорытындылары ресми келіп түскен хаттамамен расталды. 2022 жылдың 20 қарашада өткен кезектен тыс сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды», - деді ОСК төрағасы.

Айта кетейік, сайлауда 8 300 046 адам немесе сайлаушылардың 69,44%-ы дауыс беруге арналған бюллетендерді алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама