×

Ресей, Түркия және Өзбекстандағы қазақстандықтар дауыс беруге белсенді қатысты – СІМ

Бүгінде шетелдегі барлық сайлау учаскесі жұмысын аяқтады

 Дәурен Ерболат 21.11.2022 | 15:40
Фото: Halyq Uni

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 20 қарашада өткен президент сайлауында шетелде қанша қазақстандықтың дауыс бергенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Шетелдегі қазақстандықтар белсенді дауыс берді. Шетелдегі Қазақстан мекемелері жанынан 53 мемлекетте 68 сайлау учаскесі ашылды. Ондағы сайлаушылардың жалпы саны – 12 841 адам. Шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары жұмысын аяқтады. Нәтижесінде 11 360 Қазақстан азаматы дауыс берді. Бұл – дауыс берушілердің 88,47%-ы, - деді СІМ-нің ресми өкілі.

Ресей, Түркия мен Өзбекстандағы қазақстандықтар белсенді дауыс берген.

«Қазақстан азаматтарының көпшілігі (2 600 адам) Ресейде дауыс берді. Сайлаушылар саны бойынша екінші орында Түркия тұр – 1423 адам. Үшінші орында Өзбекстан – 591 адам», - деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, бұған дейін ОСК сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама