×

СІМ шетелде жүрген қанша қазақстандықтың сайлауда дауыс бергенін хабарлады

Сайлау күні 53 елде 68 сайлау учаскесі жұмыс істеді

 Халық үні 21.11.2022 | 12:35
Фото: Halyq Uni

Шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиясы жұмысын аяқтады. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабалайды Halyq Uni.

Сондай-ақ министрлік кезектен тыс президент сайлауында шетелде жүрген қанша азаматтың дауыс бергенін хабарлады.

«Шет елдердегі Қазақстан мекемелерінің жанынан 53 мемлекетте сайлаушылардың жалпы саны 12 841 адамнан тұратын 68 учаскелік сайлау комиссиясы ашылған. Қазақстанның 11 360 азаматы дауыс берді, бұл дауыс берушілердің 88,47%-ы», - делінген ақпаратта.

20 қарашада сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко 53 елде 68 сайлау учаскесі ашылғанын атап өтті. Онда тіркелген дауыс берушілер саны – 12 841 адам.

«Сағат 19:00-дегі мәлімет бойынша шетелде 10 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады: Корея Республикасы, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Тайланд және Индонезия. Шетелде жалпы шамамен 7 400 Қазақстан азаматы дауыс берді. Бұл – тізімге енгізілген сайлаушылардың 57,5%-ы. Бүгінде 57 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Тағы бір сайлау учаскесі ашылған жоқ», - деді вице-министр.

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады.

ОСК төрағы Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, алдын ала сайлаудың қорытындысы төмендегідей:

  • Қарақат Әбден – 2,6% (206 206 адам дауыс берген);
  • Нұрлан Әуесбаев – 2,22% (176 116 адам);
  • Жигули Дайрабаев – 3,42% (271 641 адам);
  • Мейрам Қажыкен – 2,53% (200 907 адам);
  • Қасым-Жомарт Тоқаев – 81,31% (6 456 392 адам);
  • Салтанат Тұрсынбекова – 2,12% (168 731 адам);
  • Бәріне қарсымын – 5,8% (460 484 адам).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама