×

Нұрсұлтан Назарбаев сайлауда дауыс берді (ВИДЕО)

Қазақстанның тұңғыш президенті №393 сайлау учаскесіне барды

 Халық үні 20.11.2022 | 11:28
Фото: elbasy.kz

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Назарбаев Астана операдағы №393 сайлау учаскесіне келді.

20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.

Қазақстандықтар 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша таңғы 07:00-ден бастап кешкі 20:00-ге дейін дауыс бере алады.

Қазақстан бойынша сайлау учаскелерінің жалпы саны – 10 101. Республика бойынша 86 учаске 06:00-де ашылады.

Шетелдегі қазақстандықтар үшін 53 елде 68 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Сайлаушылардың жалпы саны – 11 950 485 адам.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді.

20 қараша сағат 10:00-дегі жағдай бойынша республиканың 2 792 962 азаматы бюллетень алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама