×

Украин билігі елді мекендерді азат ету деректеріне сақ болуды ескертті

Әлеуметтік желіде жарияланып жатқан әңгіме мен қауесетке сене бермеу керек

 Дастан Жұмабекұлы 16.11.2022 | 16:15
фото: ашық дереккөз

Украина билігі оңтүстікте азат етілген елді мекендер туралы ресми мәліметтерге сүйену керектігін ескертті. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Осы жайында Николаев облыстық әкімдігінің басшысы Виталий Ким, президент офисінің басшысы Андрей Ермак, Оңтүстік қорғаныс күштері бірлескен үйлестіруші баспасөз орталығының жетекшісі Наталья Гуменюк «Экспрессо ТВ» телеарнасына берген сұхбаттарында айтты.

Кезекті елді мекеннің азат етілгенін Украина қарулы күштері растап бергенше ешкім оңтүстікке қарай баруды ойына алмағаны дұрыс, – деді Ким.

Олар Telegram-арналар мен басқа да әлеуметтік желіде жарияланып жатқан алып-қашпа, асығыс әңгімелер мен қауырт қауесеттерге сене бермеу керектігін ескертті.

Еске сала кетсек, 14 қарашада кешке кейбір Telegram-арналар Николаев пен Херсон облыстары жеріндегі бірқатар жерлердің, соның ішінде Кирбурнская коса мен Олешки елді мекендерінің жаудан азат етілгені жайлы ресми түрде ешкім мақұлдамаған ақпаратты таратып жіберген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама