×

Елімізде алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогы өтеді

Турнирдің қорытындысы бойынша жастар құрамасы жасақталады

 Дастан Жұмабекұлы 04.11.2022 | 14:50
фото: inform.kz

5-6 қарашада Алматы қаласында Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық семсерлесу федерациясының ұйымдастыруымен елімізде алғаш рет жасөспірімдер арасында семсерлесуден Әлем кубогы үшін турнир өтеді.

Almaty Jastar Saber Cup турнирінің бірінші күні жекелей, келесі күні командалық сайыстың жеңімпаздары анықталады.

Оған 10 елдің 50-ден астам спортшысы қатысады. Олардың 22-сі Қазақстан құрамасының спортшылары.Турнирдің қорытындысы бойынша келесі жылы өтетін әлем және Азия чемпионатына қатысатын жастар құрамасы жасақталады.

Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) ұйымдастыру жұмысы мен жалпы жарысқа бақылау жасайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама