×

Жигули Дайрабаевтың екі ұлына қатысты сот отырысы тағы да кейінге қалдырылды

Сот отырысы 28 қазанда өтеді

 Ұлдана Жұбай 20.10.2022 | 13:12
Фото: jambylinfo.kz

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевтың екі ұлына қатысты сот отырысы осымен екінші рет кейінге шегерілді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бұған дейін Тараз қаласы сотында сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену, ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген айыппен төрт азаматқа қатысты іс қаралатыны хабарланды.

Оның ішінде президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевтың ұлдары Марат Дайрабаев пен Дидар Молдағалиев бар. Екеуі де үйқамаққа алынған.

Сот отырысы 20 қазанда өтеді деп жоспарланған еді.

Істі қарайтын судья Светлана Дамитриеваның сөзінше, айыпталушылардың адвокаты сот отырысын кейінге қалдыруға өтініш білдірген.

«Бүгінгі сот отырысына айыпталуышлардың бірінің адвокаты Доспанбетовтің өтініші бойынша сот отырысы кейінге қалдырылып отыр. Адвокат өтінішінде сот процесін не себепті кейінге қалдырғысы келетінін айтпаған. Енді келесі сот отырысы 28 қазан сағат 10:30-да өтеді», - деді Тараз қаласы №2 сотының судьясы Светлана Дамитриева.

Айта кетейік, 17 қазанда Орталық сайлау комиссиясы Жигули Дайрабаевты президенттікке кандидат ретінде ресми түрде тіркеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама