×

Жигули Дайрабаев Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ресми түрде тіркелді

Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясы атынан ұсынылған

 Халық үні 17.10.2022 | 12:30
Жигули Дайрабаев, фото: Halyq Uni

Орталық сайлау комиссиясы Жигули Дайрабаевты президенттікке кандидат ретінде ресми түрде тіркеді.

Айта кетейік, Жигули Дайрабаев «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының атынан кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстан президентін кезектен тыс сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Соған сәйкес, кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді.

Президент сайлауына кандидаттар ұсыну 23 қыркүйекте басталды. Кандидаттарды ұсыну науқаны 11 қазан, кешкі сағат 6-ға дейін созылды. Оларды республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Ал әрбір үміткер 3 млн теңге жарна төлеуге міндетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама