×

Хаменованың ісі бойынша сот отырысы неге бүгін жалғаспағаны белгілі болды

Сот отырысы 21 қазанға шегерілді 

 Халық үні 13.10.2022 | 23:40
Фото: atpress.kz

2022 жылдың 13 қазанында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты іске байланысты тараптардың жарыссөзі басталуы керек еді.

Алайда жарыссөз басталмастан бұрын айыпталушының бірі – Ақылбек Рысқалиев бұған дейін сотта берген жауабын өзгертіп, Хаменованың пара алу-беру туралы білмегенін жеткізді.

Сондай-ақ жалған куәлік беруіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері себеп болғанын айтты. Айыпталушы жауабын өзгерткеннен кейін сот үзіліс жариялады.

Алайда кейіннен сот отырысының басқа күнге ауысқаны белгілі болды. Бақытгүл Хаменованың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған жазбаға сәйкес, оған сот ғимаратында жарық сөніп қалғаны себеп болған.

«Үзілістен кейін жалғасуы керек сот отырысын 18:00-ге дейін күтіп, үйді-үйімізге тарқастық. Күткен себебіміз – сот ғимаратында электр жарығының өшуі. Ақыры жанбады. Сот отырысы 21 қазанға шегерілді», - делінген жазбада.

Сондай-ақ он айдан бері күткен қамкөңіл анамыз бен бейкүнә балаларды жұбатып отырғаны айтылған.

Айта кетейік, 13 қазанда Бақытгүл Хаменова ісі бойынша сот отырысы өтті. Айыпталушының бірі Ақылбек Рысқалиев жауап алу кезінде бұған дейін берген түсініктемесін жоққа шығарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама