×

Әулиекөлдегі үйлер рекордтық қысқа мерзімде аяқталуға жақын - Мұхамбетов

Үйлерді салуға 2,3 млрд теңге бөлінген

 Дәурен Ерболат 10.10.2022 | 09:02
Фото: instagram.com/arkhimed_mukhambetov

Қостанай облысында өрттен зардап шеккен тұрғындарға арналған үйдің құрылысы аяқталып қалды. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әулиекөл ауданында рекордтық қысқа мерзімде тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Жақын арада тұрғындарды қоныстандыру басталады. Көріп отырғандарыңыздай, фотосуреттерде бір айдағы үлкен өзгерістерді байқауға болады, - деп жазды Архимед Мұхамбетов Instagram-дағы парақшасында.

Орман өртінен зардап шеккен Әулиекөл ауданы тұрғындарының үйлерін салуға ондаған мердігер ұйым кіріскен. Құрылыс жұмыстарына 2,3 млрд теңге бөлінген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама