×

Қостанай облысындағы өрт: жаңа үйлер салуға 2,3 млрд теңге бөлінеді

Өрт салдарынан 91 үй жанып кеткен еді

 Дәурен Ерболат 08.09.2022 | 15:28
Фото: Halyq Uni

Қостанай облысында жаңа үйлерді салуға 2,3 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Төтенше жағдай министрлігінен бюджеттік өтінім келді. Бұл өтінім бойынша 2,3 млрд теңге Үкіметтің резервінен бөлінеді. Ол қаражат үйлерді салуға, инфрақұрылымды қалыптастыруға жұмсалады, - деді Әлібек Қуантыров ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде 91 үй салынады деп жоспарланып отыр.

«Әр үйге 25 млн теңге бөлінеді. Үйлер ауданда салынады. Әрқайсысын салуға 10 сотық жер беріледі. Әр үйдің ауданы 100 шаршы метр болады. Су, газ, жарықпен қамтамасыз етіледі, жол салынады», - деді министр.

Айта кетейік, кеше ТЖМ Қостанай облысындағы өрт толық сөндірілгенін хабарлаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама