×

Қырым көпіріндегі жарылыстан 3 адамның қаза тапқаны анықталды

Жүк көлігінің иесі - Краснодар өлкесінің тұрғыны

 Ая Өміртай 08.10.2022 | 17:21
фото: ашық дереккөз

Белгілі болғандай, бүгін таңертең жарылған жүк көлігінің қасындағы жолаушылар көлігінде болған ер мен әйелдің мәйіттері су бетіне қалқып шыққан деп хабарлады Halyq Uni Ресей тергеу комитетіне сілтеме жасап.

Жүк көлігінің иесі Краснодар өлкесінің тұрғыны болып шықты. Марқұмның тұрғылықты жері бойынша тергеу амалдары басталды.

Айта кетсек, Қырым көпірінде жүк көлігінің жарылғанын алдымен Ресейдің Ұлттық терроризмге қарсы комитеті хабарлаған. Сол кезде Таман түбегі жағынан Қырым көпірінің автокөлік бөлігінде жүк көлігі жарылып, Қырым түбегіне қарай бет алған теміржол пойызының 7 жанармай цистернасы өртенген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама