×

Ақтауда үлескерлердің 400 млн теңгесін жымқырған ЖШС басшысы қамауға алынды

Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр

 Динара Амантай 05.12.2023 | 09:36
Фото: видеодан скриншот

Ақтауда үлескерлердің 400 млн теңгесін жымқырған ЖШС басшысы қамауға алынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақтауда «Атамекен» тұрғын үй кешенінің аяқталмаған нысаны салымшыларының сеніп тапсырылған қаражатын иемдену және талан-таражға салу фактісі бойынша «Багис» ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.

Тергеу барысында ЖШС директорының 2017 жылдың наурызы мен 2022 жылдың қыркүйегі аралығында тұрғын үй кешені құрылысын аяқтау сылтауымен 119 үлескердің ірі көлемде 400 млн теңгеге жуық ақшасын иемдегені анықталды. ЖШС басшысына қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қосымша сот сараптамаларын жүргізу күтіледі. Оның нәтижелері бойынша күдіктінің іс-әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға берілетін болады.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес, тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама