×

Qnet қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдікті қамауға алынды

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 21.11.2023 | 11:44
Фото: Halyq Uni

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Qnet қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдіктіні қамауға алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Агенттіктің мәліметінше, күдіктілер Қызылорда қаласының аумағында Qnet компаниясының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған азаматтар желілік маркетинг және электрондық коммерция деген желеумен Қызылорда қаласының 35 тұрғынынан 2019-2022 жылдар аралығында 44 млн теңгеге жуық ақша тартқан.

Тергеу барысында жәбірленушілердің компанияға 840 мыңнан 1 млн 200 мың теңге көлемінде қаржы салғаны анықталды. Сот санкциясы негізінде үш күдікті қамауға алынды, – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама