×

Шымкентте 700 млн теңге жымқырған қаржы пирамидасының басшысына қатысты тергеу аяқталды

Қылмыстық іс сотқа жіберілді

 Динара Амантай 17.11.2023 | 10:10
Фото: видеодан скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімше басшысына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Шымкент қаласы тұрғынының 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың сәуірі аралығында аталған қаржы пирамидасының қаладағы филиалын басқарғаны анықталды. Ол 700 млн теңгеге материалдық залал келтіре отырып, 200-ден астам салымшы тартқан, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды және іс сотқа жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама