×

ШҚО-да ЖШС басшылығы үлескерлердің қаражатын құрылысқа заңсыз тартқан

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр

 Динара Амантай 14.09.2023 | 10:26
Фото: gov.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ЖШС басшылығына үлескерлерден заңсыз ақша жинады деген күдікпен қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшіісі.

Қылмыстық істі тергеу барысында ЖШС-нің лауазымды қызметкерлері 2021-2023 жылдар аралығында үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты болмай, пәтерлерді ерте кезеңде брондау арқылы азаматтарды үлестік құрылысқа белсенді тартқаны анықталды. Халықтың сенімін асыра пайдаланып, оларды алдау арқылы 606,5 млн теңге сомасында ақшасын иемденді, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Қазір тараптардың қосымша келісімдер жасасу арқылы пәтерлерді алдын ала брондау шарттары тоқтатылды. Құрылыс жұмыстары жүргізілмейді.

Сот шешімімен ЖШС-нің құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға лицензияның қолданылуы тоқтатылды. ЖШС жетекшісіне соттың санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесінде өзге ақпарат таратылуға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама