×

Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастыруға қатысты тергеу басталды

Қазір күдікті сот қаулысымен үйқамаққа алынды

 Динара Амантай 15.06.2023 | 10:37
Фото: gov.kz

Шымкенттіктер қаржы пирамидасына 80 млн-нан аса қаржысын салған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті «Chia Tai Tianging Group» қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр. 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Шымкенттің 40-тан аса тұрғыны қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған.

Қазір күдікті сот қаулысымен үйқамаққа алынды.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды.

Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама