Қазақстандықтар зейнетақысының жартысына жуығын тамаққа жұмсайды

Халық үні

Халықаралық рейтинг нәтижесі жарияланды

коллаж: Halyq Uni

Қазақстан зейнетақы көлемі бойынша 44 елдің рейтингінде 37-орында тұр. Елдегі зейнеткерлер зейнетақысының 47,2 пайызын тамаққа жұмсайды екен. Finprom.kz хабарлауынша, бұл рейтингке қатысушы ТМД елдерінің арасында ең жақсы көрсеткіш. Мысалы, Ресейде зейнеткерлер зейнетақысының 58,9 пайызын азық-түлікке жұмсайды, Молдовада - 59,2, Беларусьте - 76,7, Украинада - 84,9 пайыз.

Ал ең үздік көрсеткіш Норвегияда, олар зейнетақысының тек 13,4%-н тамаққа жұмсайдыБұған зейнетақы мөлшері де әсер ететіні сөзсіз. Мәселен тізімдегі көшбасшы Норвегия елінің зейнеткерлері айына 2017 доллар алғанда, Қазақстандағы зейнеткерлер 220 доллар ғана алады.

Елімізде орташа зейнетақы қанша - министрлік жауап берді. Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өседі. Зейнетақының ең төменгі мөлшерi артады. Тамара Дүйсенова әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты ойын айтты. Былтырдан бері зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға 1,7 млн өтініш түскен.