×

Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Бұл өсім 4,2 млн әлеуметтік төлем алушыны қамтиды

 Айнұр Шошаева 06.04.2022 | 11:20
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандағы инфляция дәлізінің өзгеруіне байланысты зейнетақы және жәрдемақы мөлшері индексацияланады. Бұл туралы бүгін мәжілісте премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Кеше ғана республикалық бюджет комиссиясы отырысында үкімет түбегейлі маңызды шешімді мақұлдады. Инфляция дәлізінің 8-10% өзгеруіне байланысты зейнетақылар әрі жәрдемақылар мөлшерін тағы да 4% қосымша индекстеу көзделіп отыр, - деді Тоғжанов. 

Оның айтуынша, бұл өсім 4,2 млн әлеуметтік төлем алушыны қамтиды. 

«Бұл жиынтығында барлық әлеуметтік төлемнің 9%-ға, ал зейнетақының 2021 жылға қарағанда 11%-ға өсуін қамтамасыз етеді. Бұл өсім 4,2 млн әлеуметтік төлем алушыны қамтиды (ортақ зейнетақы 11%, базалық зейнетақы 9%, барлық жәрдемақы мен төлем 9%). Бұл мақсатқа нақтыланған бюджет жобасында қосымша 111 млрд теңге қарастырылған», - деп толықтырды ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама