×

Былтырдан бері зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға 1,7 млн өтініш түскен

Жалпы сома 3,4 трлн теңге болды

 Халық үні 12.04.2022 | 11:00
коллаж: Halyq Uni

2021 жылғы ақпаннан бастап зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу бойынша 1,7 млн өтініш түскен. Ал жалпы сомасы 3,4 трлн теңге болды, деп мәлімдеді үкімет отырысында ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов. 

Оның ішінде: 

  • Тұрғын үй мәселесін шешуге - 3,1 трлн теңге;
  • Емге – 293,5 млрд теңге;
  • Жеке компания басқаруына - 7,9 млрд теңге жұмсалды.

Бұған қоса БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері наурызда 13 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бері инвестициялық кіріс шамамен 304,9 млрд теңгеге жетті. Зейнетақы жарналары - 383,7 млрд теңге, ал зейнетақы төлемдері - 64,5 млрд теңге болды.

Биылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы жинағын пайдалану бойынша жеткілікті шек өзгерді. Мәселен, егер 2021 жылы 35 жастағы азаматтар үшін шекті көрсеткіш 2 940 000 теңге болса, биылғы сәуірден бастап ол 5 060 000 теңгеге дейін өсті.

Зейнетақы жинағынан 5 теңгесіне дейін шешіп алғандар бар – Отбасы банкі. Министр зейнетақы қорының ақшасы тұрғын үй бағасының өсуіне әсер еткенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

ШҚО-дағы 197 елді мекенде әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ

Бұл мәселені 2025 жылға дейін шешеміз, - дейді министр
28.05.2023 | 15:15

Астанада емханалардың жеке медициналық зертханаларға қарызы 5 млрд теңгеге жетті

Мәселе қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты, - дейді Абай Ахметбек
28.05.2023 | 14:23

Ашаршылық туралы кітап пен Абай үйі: Кельнде Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

Еуропадағы қазақ мәдени ұйымдарының саны артып келеді
28.05.2023 | 14:05

Елордада тағы 12 автобустың бағдары өзгерді

Өзгерген қозғалыс сызбасымен сілтемедегі сурет арқылы танысуға болады
28.05.2023 | 13:47