×

Зейнетақы жинағынан 5 теңгесіне дейін шешіп алғандар бар – Отбасы банкі

Ертеңнен бастап зейнетақы жинағының жеткілікті шегі өзгереді

 Ербол Тұрымбет 31.03.2022 | 12:00
коллаж: Halyq Uni

Бүгін - Бірыңғай зейнетақы жинақтары қорының өтініш қабылдайтын соңғы күні. Ертеңнен бастап зейнетақы жинағының жеткілікті шегі өзгереді. Осыған байланысты Отбасы банкі түскен өтініштер бойынша мәліметтерін жариялады.

Банктің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, өтініштердің көпшілігі қайталанады. Бірнеше рет өтініш берген рекордсмендер де бар. Бірақ дәл осы наурызда қалыпты жағдайға жатпайтын процестер байқалған. Мысалы, 5 теңге алуға өтініш берілген. Одан бөлек, тағы 40 теңгеден 2000 теңгеге дейін қаражат шешуге 161 өтініш жолданған.

Сондай-ақ ақылға қонымсыз сұраныстары бар өтінімдер түсе бастады. Мысалы, порталда 200 млн теңгеден 6 млрд теңгеге дейін 627 өтініш келіп түсті. Мұндай көлемдегі біржолғы зейнетақы төлемдерінің болмайтыны түсінікті. Мамырдың басында зейнетақы жинақтарын пайдалану және осы бірегей жобаның ерекшеліктері туралы халыққа толық есеп жариялауды жоспарлап отырмыз, – дейді ол. 

Жалпы банк мәліметінше, enpf-otbasy.kz платформасы 732 мыңнан астам қазақстандыққа тұрғын үй жағдайын жақсартуға әрі емделуге қажет ресурстарды алуға көмектескен. Орташа есеппен алғанда, былтыр платформаға ай сайын 100 мыңға дейін өтінім келіп түссе, осы 1-30 наурыз аралығында 870 мыңға жеткен. Бұл биылғы ең жоғарғы көрсеткіш екен.

Оның ішінде, мақұлданған өтініштер, яғни қаражат нысаналы мақсаты бойынша жіберілгендері – 352 мың. Одан бөлек, құжаттары тексеріліп жатқан, пысықтауға жіберілген, қаржының арнайы шотқа түсуін күтіп жатқан немесе тұрғын үй жинағына салып жатқан тағы 160 мың өтініш бар.

Зейнетақы жинағынан 200 теңгесін шешіп алғандар да бар – Отбасы банкі. Зейнетақы жинағын пайдалану: Мәжіліс депутаты қазіргі шекті мөлшерді жыл соңына дейін ұзартуға шақырды. Еңбек министрі зейнетақы жинағының қазіргі шекті мөлшерін ұзартуға қатысты жауап берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама