×

Министр зейнетақы қорының ақшасы тұрғын үй бағасының өсуіне әсер еткенін айтты

Қайырбек Өскенбаев сәуірден бастап тұрғын үйге деген сұраныс бұрынғыдай болмайтынын айтты

 Ербол Тұрымбет 05.04.2022 | 12:59
фото: Halyq Uni

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың сәуірден бастап Қазақстанда тұрғын үй бағасы қалпына келе бастайтынын болжады.

Министрдің айтуынша, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынатын үйлердің бағасы көтеріледі. Өйткені құрылыс сапасын арттыру мәселесі қаралып отыр. Ал коммерциялық нарықта үйдің бағасы төмендеуі мүмкін. Себебі 1 сәуірден кейін зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану күрт азайды.

Зейнетақы жинағын пайдалану тұрғын үйге деген сұранысты арттырды. Содан баға да көтеріле бастады. Биыл 9 наурыз бен 2 сәуір аралығында, шамамен 52 мың келісімшарт жасалды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен жоғары. Бірақ 1 сәуірден кейін баға қалпына келе бастайды деп ойлаймын. Себебі бұрынғыдай сұраныс болмайды, - деді министр.

Министрдің айтуынша, доллар бағасының құбылмалы болуы халыққа ақшасын жылжымайтын мүлікке салуға әсер етіп, тұрғын үйге деген сұраныстың артуына себеп болуы мүмкін.

Еске салайық, 1 сәуірден бастап зейнетақы жинағын пайдалану бойынша жеткілікті шек өзгереді. Мәселен, егер 2021 жылы 35 жастағы азаматтар үшін шекті көрсеткіш 2 940 000 теңге болса, келесі жылдан бастап ол 5 060 000 теңгеге дейін өседі. Бұл көрсеткіш азаматтардың жасы мен қордағы жинағының мөлшеріне қатысты тиісінше өзгереді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама