×

Елімізде орташа зейнетақы қанша - министрлік жауап берді

Соңғы мәліметке сәйкес, зейнеткерлер саны 2 миллионнан асты

 Қымбат Елтайқызы 18.04.2022 | 09:30
фото: ашық дереккөзден

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 704,9 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді.

1 наурыздағы жағдай бойынша, қазақстандықтарға 704,9 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. 2022 жылғы наурызда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,8 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыға – 71,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 163,4 млрд теңге бөлінді, – дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, зейнеткерлер саны 2 млн 245,6 мыңнан астам адамды құрайды.

«2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескеріп) 105 344 теңгені құрады», – делінген ақпаратта.

Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы өседі. Зейнетақының ең төменгі мөлшерi артады. Тамара Дүйсенова әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты ойын айтты. Былтырдан бері зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға 1,7 млн өтініш түскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама