Қазақстандықтар зейнетақысының жартысына жуығын тамаққа жұмсайды
Халықаралық рейтинг нәтижесі жарияланды
![Қазақстандықтар зейнетақысының жартысына жуығын тамаққа жұмсайды](https://halyq-uni.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2022/04/18/625ceed80ecf2590560726.jpeg)
Қазақстан зейнетақы көлемі бойынша 44 елдің рейтингінде 37-орында тұр. Елдегі зейнеткерлер зейнетақысының 47,2 пайызын тамаққа жұмсайды екен. Finprom.kz хабарлауынша, бұл рейтингке қатысушы ТМД елдерінің арасында ең жақсы көрсеткіш. Мысалы, Ресейде зейнеткерлер зейнетақысының 58,9 пайызын азық-түлікке жұмсайды, Молдовада - 59,2, Беларусьте - 76,7, Украинада - 84,9 пайыз.
Ал ең үздік көрсеткіш Норвегияда, олар зейнетақысының тек 13,4%-н тамаққа жұмсайды. Бұған зейнетақы мөлшері де әсер ететіні сөзсіз. Мәселен тізімдегі көшбасшы Норвегия елінің зейнеткерлері айына 2017 доллар алғанда, Қазақстандағы зейнеткерлер 220 доллар ғана алады.
Елімізде орташа зейнетақы қанша - министрлік жауап берді. Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өседі. Зейнетақының ең төменгі мөлшерi артады. Тамара Дүйсенова әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты ойын айтты. Былтырдан бері зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға 1,7 млн өтініш түскен.