×

Өскемен тұрғыны 10 жыл бойы екі елден зейнетақы алып келген

Осы жылдар бойы төлемдер Қазақстан және Ресей тарапынан жасалған

 Халық үні 07.04.2022 | 15:59
фото: ашық дереккөзден

Қылмыс сәуірдің басында Өскеменде зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен салыстыру барысында анықталды. Белгілі болғандай, 2004 жылы облыс орталығының тұрғыны Алтай аймағында шет мемлекет азаматтығын алып, Ресей азаматының төлқұжатын рәсімдеген. Алайда бұл туралы Қазақстанның тиісті органдарына хабарламаған. 71 жастағы әйел зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін 10 жыл бойы Ресейде де, Қазақстанда да төлемақы алып келген. Енді зейнеткер бюджетке ақшаны қайтаруы керек.

4 сәуірде шетелдік әйел қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБтК 496-бабы бойынша 100 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартылды. Сондай-ақ қазір одан қазақстандық құжаттар тәркіленіп, Қазақстан азаматтығының күшін жою тіркелді, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Зәкімов.

Өкінішке қарай, мұндай оқиға бірінші рет емес. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары Шығыс Қазақстан облысында азаматтық туралы заңды бұзған 20-дан астам тұлғаны әкімшілік жауапқа тартты. ПД көші-қон қызметі азаматтарды басқа елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан азаматтығынан айыру фактісін дер кезінде тіркеу қажеттігін хабарлайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама