×

Биыл жемқорлардан тәркіленген ақшаға 70-тен аса мектеп салынады

Қаражат Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударылады

 Дәурен Ерболат 07.03.2023 | 12:32
фото: Halyq Uni

2023 жылы жемқорлардан тәркіленген қаржыға 70-тен аса мектеп салынады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Биыл жемқорлардан тәркіленген ақшаға 70-тен аса мектеп салынады. Бүгінде бұған қажет құжаттар бар. Жақында бұл тізімге қолдау көрсетіліп, аталған мектептердің құрылысын қаржыландыру басталады. Барлық 20 аймақ қамтылады», - деді министр Үкімет отырысынан соң.

Министрдің айтуынша, жемқорлардан тәркіленген қаржы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударылады. Кейін ақша тиісті мақсатқа жұмсалады.

Еске салайық, Қазақстанда жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер бойынша тәркіленген 120 млрд теңге арнайы шотта жиналды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама