×

«Вайнерлердің қатысы жоқ»: Астанада өзін өртеген әйел сотта жауап берді

Бағила Досмаилова қаржы пирамидасына 20 миллион теңге салған

 Айгерім Таубай 10.01.2023 | 17:10
Коллаж Halyq Uni

Қаржы пирамидасына ақша салғаннан кейін өзін жұрттың көзінше өртеп жіберген Бағила Досмаилова бұл әрекетіне не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алматыда Astex.kz және Mudarabah Capital қаржы пирамидасына байланысты істегі сотталушыларға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сотталушылардың арасында танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов бар.

10 қаңтарда іс бойынша жәбірленушілерден сотта жауап алынды. Оның ішінде 2022 жылдың сәуірінде Астанада көшеде өзін өртеген Бағила Досмаилова да бар. Сотталушы Руслан Бұрқанов жәбірленушіден бұл әрекетіне не себеп болғанын нақтылауды сұрады.

«Бұған Рустам Абдрахмановтың (Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары болған) істі немқұрайлы жүргізгені, іс бойынша Құрманғалиев пен Дания Рахимованы қорғағаны себеп болды. Өзімді өртегеніме вайнерлердің қатысы жоқ. Өзімді өртеудің алдында бірнеше күн бұрын видео жариялап, менің өліміме Рустам Абдрахмановты кінәлі деп тануды сұрадым», - деді жәбірленуші Бағила Досмаилова.

Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қаңтарында Алматыда танымал вайнер Мейіржан Төребаев пен Mudarabah Capital компаниясына қатысы бар деген күдікпен ұсталған бірнеше адамға қатысты сот тергеуі басталды. Іс бойынша 12 сотталушы бар

Тергеу мәліметтері бойынша, 2019 жылы бастапқыда Astex қаржы пирамидасы құрылды. Оны Құрманғалиев өзінің туысы Мансұровтың көмегімен баю мақсатында құрған. 

Қаржы пирамидасын құрушылар тұрғындар арасында сенімділік орнату мақсатында бұл іске танымал адамдарды тарту туралы шешім қабылдаған.

2020 жылдың наурызында бұл іске Руслан Бұрқанов, Андрей Ча, Біржан Жармұхамед, Самат Қасенов, Тимур Рүстемов, Нұрлан Сұлтанбаев, Мейірхан Шерниязов пен Азимжан Саидбаевты тартты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама