×

Вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтің ісі сотқа жолданды

Іс фигуранттары Әділет Ораз бен Әзімжан Саидбаев әлі іздестіріліп жатыр 

 Халық үні 12.12.2022 | 21:48
фото: ашық дереккөзден

Алматы прокуратурасы қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деп айыпталған вайнерлердің ісі Алмалы аудандық сотына жолданды. 

Алматы қаласының прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша қылмыстық істі Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына А. Құрманғалиев, Р. Бурканов, Д. Рахимова, Д.Ча, А. Рүстемов, Т. Касенов, С. Касенов, Н. Сұлтанбаев, М. Шерниязов, М. Туребаев, Б. Жармұхамед, Ерлан және Ержан Мансуровтарды айыптау бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады, - деп хабарлады Алматы прокуратурасы.

Сонымен бірге іс фигуранттары Әділет Ораз бен Әзімжан Саидбаев әлі іздестіріліп жатқаны, оларға халықаралық іздестіру жарияланғаны хабарланды.

Қылмыстық іс аясында 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банктік шотқа және 16 компанияның жарғылық капиталындағы әртүрлі үлестерге тыйым салынған. Іс бойынша айыптауды процессуалды прокурор қолдайды.

Айта кетейік, 2022 жылғы ақпанда Алматыда Mudarabah capital компаниясына қатысы бар деген күдікпен ұсталған бірнеше адамға қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету бойынша айып тағылды. Олардың ішінде танымал блогерлер де бар. Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынып, тағы бір вайнер Азимжан Саидбаев шетелге қашып кеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама